27
январь
2020
Біздің палуандарымыз -біздің мақтаныштарымыз
Сарқан ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен 2003-2005,2006-2008,2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында "Қысқы демалыс" атты аудандық біріншілік өтті. Аталған жарыста Алмалы орта мектебінің оқушылары күш сынасып ,жүлделі орындарды иеленіп қайтты.Жүлделі І орынды иеленгендер Амангелді Арсен,Айдынұлы Абдурахим, Төрехан Сұлтан,Нүсіпхан Қайыр,Тоқтар Ерсұлтан,Қадырбай Сейтжан. ІІ орынды иеленгендер Байжұма Ерасыл, Тоқтар Ерсұлтан,Саяхмет Абылай. ІІІ орынды иеленгендер Нұрмухамед Әлем ,Арын Әбілсейіт,Нұрбақыт Еділ. Жас спортшылардың қанаттары талмасын, ал жаттықтырушылары Асылбеков Ермекке шығармашылық табыс пен жеңісті күндері көп болсын деп тілейміз!