"Құқық бұзушылық және жасөспірім" тақырыбында іс-шара өтті. » Жетісу облысы Сарқан ауданы "Алмалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алмалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-20-26
Есепші бөлімі:
+7(72839) 3-20-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
февраль
2020

"Құқық бұзушылық және жасөспірім" тақырыбында іс-шара өтті.

Алмалы орта мектебінде ақпан айының 12-інші жұлдызында тарих пәнінің мұғалімі Абдрахманова Арай Бейсенгалиевна 9 -сыныптар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды. "Құқық бұзушылық және жасөспірім" тақырыбында өткен шараның мақсаты:оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Дөңгелек үстеліміздің қонағы, мектеп инспекторы Ж.Шаров ҚР қылмыстық кодексінің баптарынан мысалдар келтіріп, жасөспірімдерді құқықтық сауатылық пен тәртіпке шақырып, азаматтық кеңестерін айтып өтті. 3- топ құрып, әр топ өздеріне берілген тапсырманы постерлер арқылы қорғап шықты. 1- топ 《 нашақорлықтың》 қоғамға қаншалықты зиянды екенін дәлелдеді. 2- топ 《ішімдіктің》 адам өміріне қауіпті екенін айтты. 3-топ 《темекінің》 зардабы туралы айтып, қорғап шықты. Сабақ соңында үш топ кері байланыс жасау арқылы, өздері бірін-бірі бағалады. Қорытындылай келе, Ж.Аймаутов: 《Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі》 дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр.
6 дн.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив