27
февраль
2020
«Жер-Ананы аялау – өзіңнен басталады» атты экологиялық форум өтті.
«Химия, биология, география, өзін-өзі тану» әдістемелік бірлестігінің онкүндігі аясында биология пәнінің мұғалімі Ж.Ибрагимнің ұйымдастыруымен «Жер-Ананы аялау – өзіңнен басталады» атты экологиялық форум өтті. Іс-шара барысында дүниежүзілік парниктік эффект, озон қабатының жұқаруы, су ресурстарының азаюы, топырақ деградациясы, техногенді апаттар, ормандар алқабының азаюы, қоқыстардың көбеюі сияқты дүниежүзілік экологиялық мәселел қарастырылды, оларды шешудің жолдары, әр адамның табиғатқа қосар үлесі талқыланды.Экологиялық форум онкүндіктің жабылуымен ұштасып, С.Станбековтың, Д.Мұрат, А.Жантасованың, А.Нұржанның ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті.