Алмалы орта мектебінде " Әдеп кеңесі" құрылды » Жетісу облысы Сарқан ауданы "Алмалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алмалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-20-26
Есепші бөлімі:
+7(72839) 3-20-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2020

Алмалы орта мектебінде " Әдеп кеңесі" құрылды

«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Алмалы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қамқоршылық кеңес отырысының №3 хаттамасы
Алмалы ауылы 20.01.2020ж.
Қатысқандар:
1.Ж.Райханова-Кеңес төрайымы, тіс дәрігерлік бөлімінің мейірбикесі
2.М.Байдельдинова-орынбасары, ата-ана комитетінің төрайымы
3.Ж.Сарсембаева-әйелдер кеңесінің төрайымы
4.Э.Такеева-әлеуметтік қызметкер
5. Ж.Доланбаева-Алмалы ауылдық амбулаториясының медбикесі
6.Б.Ақыпбекова-Алмалы ауылдық кітапханашысы
7.А Абдрахманов –ЖШК, кәсіпкер
8. Н.Жарқынқызы –Алмалы ауылдық округінің бас маманы
Қатыспағандар:1

Күн тәртібінде
1.Мектеп директорының қыркүйек –қаңтар айларында атқарған жұмыстарының есебі.
2.Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасыларыдан шыққан білім алушыларға көмек көрсету.
3. Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды ыстық тамақ ішуін ұйымдастыру.
4 . Мектепте «Педагогикалық әдеп» кеңесін құру
5. Әр түрлі мәселелер




1. Сөйледі мектеп директоры Ж.Калиева: Мектеп бойынша қыркүйек-қаңтар айлары аралығында оқушыларды әлеметтендіру жұмысына 316 280 мың теңгеге демеушілер материалдық көмек көрсетті. Демеушілердің аты-жөндері кеңес мүшелеріне ұсынылды. Осы қаржыға 31 оқушыға материалдық көмек көрсетілді. Көмек көрсеткен демеушілерге ата-аналар жиналысында аттары аталып , марапатталды.

2. Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасыларыдан шыққан білім алушыларға көмек көрсету туралы мектептің әлеуметтік педагогы С.Жұмақан:мектеп бойынша өмірдің қиын жағдайына тап болған, аз қамтылған отбасыларына демеушілер көмегімен азық-түлік, жаңа –жылды қораптағы конфеттер берілді. Басқа қалаға сауықтыру лагеріне баратын оқушыларға жолдарына қаражат берілді. Демеушілер есебінен аз қамтылған оқушылардың сабаққа келуіне жағдай жасау мақсатында киім-кешектер берілді. Арнайы тіркеу журналын кеңес мүшелеріне көрсетті. Осында игі істерге қатысқан демеушілер мен қайырымды жандарға алғысымыз шексіз.

3. Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды ыстық тамақ ішуін ұйымдастыру туралы ауылық әкімшіліктің бас маманы Жарқынқызы Назым сөз алып, бүгінгі күнде №64 қаулыға енгізілген оқушылар арасынан жетім, жартылай жетім, аз қамтылған, көп балалы, сәтсіз жанұя балаларын ата-аналар өтініштері бойынша 86 отбасы тіркелді. 170 оқушының тізімін кеңес мүшелеріне таныстырды. 24-26 желтоқсан аралығында 86 отбасы тегін ыстық тамаққа өтініш білдірді. Барлық отбасыларына отбасының әлеуметтік жағдайын анықтау үшін комиссия мүшелері 4, 5 қаңтар күндері аталған 86 отбасын аралап тұрмыстық акт жасады. Ондағы мектептегі бала саны 170, оның ішінде 4 жетім 102 көп балалы, 49 аз қамтылған, 2 мүмкіндігі шектеулі бала бар. Аталған отбасылардан АӘК алатын отбасы бала саны 14.Әртүрлі мәртебеге ие отбасы балалары 41. Тұрмыс жағдайы төмен отбасы 24. Осы аталған балалар ыстық тамақпен тамақтануын ұсынамын.

4. Мектеп директоры Ж.Калиева сөйледі. Мектепте «Педагогикалық әдеп» кеңесін ұйымдастыру маңызды іс-шаралардың бірі болып тұр.
Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес әзірленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларының негізінде мектепте «Педагогикалық әдеп» этикасы құруды ұсынамын. Сіздердің тараптарыңыздан 7 адам ұсынуларыңыз қажет. Оның құрамында ардагер ұстаздар және заңгер, АББ қызметкерлері, мектеп ұжыманан ұстаздар, қоғамдық ұйымдардан құрылуы тиіс. Келесі сөз сіздерде.
Сөйледі, .Ж.Райханова-Кеңес төрайымы, тіс дәрігерлік бөлімінің мейірбикесі: біздің ақылдасып, шешкен адамдарымызды ұсынсақ, 7 адамнан құрылатын «Педагогикалық әдеп» кеңесін құрамын ұсынамыз, оның құрамында ардагер ұстаздар және заңгер, АББ қызметкерлері, мектеп ұжыманан ұстаздар, қоғамдық ұйымдардан құрылуы тиіс екенін ескере келіп, осы ретте мектебіміздің ардагер ұстазы Кусаинова Раушан Өмірәліқызын, «Әжелер» алқасының мүшесі Ахмадиева Райкамал Рахметқызын, бастауыш сыныбының мұғалімі Батырханова Гүлнар Секенқызын, Алмалы ауылдық округі аппаратының маманы Байдауалиев Даниярды, мектеп психологы Ибрагим Жұлдыз Амангелдіқызын, кәсіподақ ұйымының мүшесі Абишева Лилия Рафаелқызын ұсынып отырмыз. Сіздерден осы құрам мүшесіне қарсылықтарыңыз болмаса, «Педагогикалық әдеп» кеңесін құрамын ұсынамыз.
Шешімі:
1«Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Алмалы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының қыркүйек –қаңтар айларындағы атқарған жұмыстары қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына көмек беріу жалғастырылсын.
3. Аз қамтылған жанұя балаларының тізімі, ата-аналардың өтініштері бойынша ыстық тамақпен қамтылсын.
4. Мектепте «Қамқоршылық» кеңесі ұсынған 7 адамнан «Педагогикалық әдеп» кеңесі құрылсын.
Келісілді:
1 Ж.Райханова
2 М. Байдельдинова
3.Ж.Сарсенова
4.Э.Такеева
5. Ж.Доланбаева
6. Б.Ақыпбекова
7.Н.Жарқынқызы
8.А. Абдрахманов
Қамқоршылық кеңес төрайымы: Ж.Райханова
Хатшы: С.Жұмақан
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив