Ата-аналар назарына! » Жетісу облысы Сарқан ауданы "Алмалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Сарқан ауданы бойынша білім бөлімінің
"Алмалы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72839) 3-20-26
Есепші бөлімі:
+7(72839) 3-20-26
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
июнь
2025

Ата-аналар назарына!

Құрметті ата-аналар мен 9 және 11-сынып түлектері!

Аттестат тапсыру — мектеп өміріндегі маңызды әрі жауапты сәттердің бірі. Осы кезеңнің қауіпсіз әрі жағымды өтуі бәріміз үшін маңызды. Осыған байланысты келесі қауіпсіздік ережелерін назарларыңызға ұсынамыз:

🚫 Аттестат тапсыру рәсімі — ресми шара. Оны тойлауға тыйым салынады❌

Көлікпен қала ішінде серуендеуге тыйым салынады❌;

Кортеж ұйымдастыруға тыйым салынады❌;

Музыка қосып, көлікте немесе көшеде мереке жасауға тыйым салынады❌;

Мейрамханалар мен демалыс орындарында бас қосуға тыйым салынады❌.

⚠️ Қауіпсіздік шаралары:

Қауіпті жерлерге (таулар, көлдер, адам көп жиналатын орындар) бармауға кеңес береміз.

Суицидтік немесе экстремалды “челлендждерге” қатыспау керек.

Темекі, алкоголь және басқа да зиянды заттарды қолдануға қатаң тыйым салынады.

Аттестат тапсыру рәсімінен кейін оқушылар үйге тікелей оралуы қажет.

‼️ Барлық ата-аналардан балаларына ерекше бақылау жасауды сұраймыз.

Бұл ережелер балаларымыздың қауіпсіздігі мен амандығы үшін қабылданған. Түсіністік танытып, бірлесе әрекет етейік!

🔷 Құрметпен, Алмалы орта мектебінің әкімшілігі!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив