Алмалы орта мектебі мектепалды «Ә» сыныбында «Кішкентай данышпандар»
Алмалы орта мектебі мектепалды «Ә» сыныбында «Кішкентай данышпандар» конкурсы өткізілді. Байқау барысында балалар өз білімдерін, шапшаңдықтарын, тапқырлықтарын және өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Әр тапсырмада белсенділік танытып, зеректіктерімен ерекшеленді. Конкурс соңында барлық қатысушы оқушылар түрлі номинациялар бойынша марапатталды. Бүлдіршіндерге алдағы уақытта да тек сәттілік пен биік жетістіктер тілейміз! Сынып жетекшісі Қанатқанқызы Асем.