25 мамыр күні Алмалы орта мектебінде оқушылардың қауіпсіздігін
25 мамыр күні Алмалы орта мектебінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында түнгі рейд жұмыстары ұйымдастырылды. Рейд барысында оқушылардың кешкі уақыттағы жүріс-тұрысы бақылауға алынып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты — жасөспірімдер арасындағы тәртіпті нығайту, қауіпсіз орта қалыптастыру және ата-ана мен мектеп байланысын күшейту. Бала қауіпсіздігі — баршамызға ортақ жауапкершілік! 🤝 #АлмалыОртаМектебі #ТүнгіРейд